Бүгін «Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Аталған келісім ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланған.
Екі ел арасындағы әскери келісімге 2018 жылғы қыркүйекте Анкарада қол қойылған. Келісімнің мақсаты — тараптар арасындағы тең құқықтық пен өзара тиімділік қағидаттар негізінде әскери ынтымақтастықты дамытуға негізделген. Құжатты іске асыру бойынша шаралар тараптармен бірлесіп әзірлеген Жылдық ынтымақтастық жоспарына сәйкес жүзеге аспақ. Осы уақытқа дейін екі мемлекет арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық 1993 жылғы 8 тамыздағы әскери білім саласындағы, сондай-ақ 1994 жылғы 23 ақпандағы әскери ғылым, техника және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде жүзеге асырылып келеді.
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев: «Түркия Қазақстанның маңызды әрі негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі болып саналады. Жоғарыда аталған халықаралық шарттардың кейбір ережелері екі мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеуі және оларда іс-шараларды өткізу бойынша қаржылық шығыстармен қамтамасыз ету тәртібінің болмауына байланысты әскери ынтымақтастық саласында жаңа келісім жасау туралы шешім қабылданған болатын. Осы келісімді іске асыру бойынша шаралар тараптармен бірлесіп әзірлеген Жылдық ынтымақтастық жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Келісімді іске асыру Қазақстанның әскери саладағы мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді және екі мемлекет арасындағы әскери ынтымақтастықтың дамуына оң әсер ететін болады», – деп мәлімдеді.
Келісім әскери даярлық пен оқытуды қоса алғанда, бұдан бұрын қамтылмаған бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу, әуе кеңістігі арқылы әскери мүліктің транзиті, медициналық көмек көрсету, заң құзыреттілігі, сондай-ақ басқа да мәселелерді көздейді.
Түркия Қазақстанның маңызды әрі негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі болып саналады. Осы уақытқа дейін екі мемлекет арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық 1993 жылғы 8 тамыздағы әскери білім саласындағы, сондай-ақ 1994 жылғы 23 ақпандағы әскери ғылым, техника және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде жүзеге асырылып келеді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы