Испанияда Каталонияның тәуелсіздігін жариялауға қатысты шеруді ұйымдастырған саясаткерлер тергеуге алынды. Бұл туралы El Pais басылымы хабарлады.

Испанияның бір топ сепаратистері ел  ішінде бүлік ұйымдастырды және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланды деген айып тағылған. Егер олар кінәлі деп танылса, 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ел билігі сот ғимаратын күзету үшін жүздеген полиция, оның ішінде лаңкестікке қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлеріне дейін қойған.

11 ақпанда Испаниядағы консервативтік «Ұлттық партия», әсіре оңшыл «Вокс», орталықшыл «Азаматтар» партиясы ұйымдастырған болатын. Мадридте өткен наразылық шеруіне жалпы саны 45 мыңға жуық адам қатысты. Орталықшыл «Азаматтар» партиясының (Ciudadanos) мүшелері елдің премьер-министрі Педро Санчестің сепаратистермен келіссөздер жүргізу үшін делдал тағайындау жоспары Отанға опасыздық жасаумен тең айыптады. Сонымен қатар, сепаратистер ел премьер-министрі Педро Санчестің биліктен кетуін және мерзімнен тыс жалпыұлттық сайлау өткізуді талап еткен. Осы шеруден кейін Испания билігі сепаратистерді жаппай тергеуге алып отыр. Биліктің бұл шешіміне қарсылық білдірушілер, яғни сепаратистерді жақтаушылар сот ғимаратының жанында демонстрация жасады.

Айыпталушылардың арасында Каталонияның бұрынғы вице-президенті Ориол Жункерас бар. Жункерас 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Басқа айыпталушыларға, соның ішінде Каталон Парламентінің бұрынғы спикері Карме Форкадель 17 жылға дейін қамауға алынады. Ел саясаткерлері сепаратистерге тағылған айыптың әділетсіз екендігін, Испан заңнамасына сәйкес, бұл жағдай ашық зорлық-зомбылықты білдіретінін айтып отыр.

Осы оқиғаларға байланысты жергілікті сайлау жиналысында сөз сөйлеген Педро Санчес оның социалистік партиясы әрқашан әділет жағында болғанын және шиеленіскен дағдарысты шешуге тырысатынын айтты. Енді сәрсенбіде үкімет 2019 жылға ұсынылған бюджет бойынша дауыс беруді жүргізуі тиіс: егер ол бекітілмесе, Испанияда мерзімінен бұрын сайлау өтеді.

"The Qazaq Times"