Омбыда Қазақстан мен Ресейдің он алтыншы өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі ел президенттері ресми кездесу ұйымдастырды.
Форум алғаш рет 2003 жылы Омбыдан бастау алған. Араға 16 жыл салып, қос ел делегациясы кездесіп отыр. Биыл форумға мемлекет басшыларынан бөлек, үкімет мүшелері мен бизнес өкілдері қатысқан.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінде: «Өңірлеріміз арасындағы алыс-беріс жалпы тауар айналымы 10%. Ол тұрақты деңгейде артып келеді. Біз өнеркәсіптік кооперацияда, ауыл шаруашылығында айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Алға жылжу бар. Алдағы уақытта әріптестікті арттыру үшін барынша күш-жігер жұмсаймын», — деді.
Ресей үшін ең жақын серіктес мемлекет – Қазақстан екенін айтқан Путин былтыр тауар айналымының 14%-ға өсіп, инвестициялардың артқанын атап өтті.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2003-2018 жылдар аралығында екі ел арасындағы сауда көлемі 3,5 есе ұлғайған. 2018 жылы тауар айналымы 6,5 триллион теңгеден асты немесе 19 миллиард АҚШ долларына жеткен.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бері Ресейге 3 рет сапарлады. Қазақстан президенті Владимир Путинмен бүгінге дейін 4 рет екіжақты кездесу өткізген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді