Кеше Франция президентінің Қытайдағы сапары аяқталды. Президент Макрон Қытаймен құны 15 млрд доллар көлемінде келісімшартқа қол қойды. Келісім авиация, энергетика және ауылшаруашылық салаларын қамтиды. Француздың 20 компаниясы Қытайға етті негіз еткен ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алды.
Француз бен қытай басшылары арасындағы кездесуде екі елдің жан-жақты қарым-қатынасын дамыту туралы көбірек сөз болған. Іскерлік топтар арасындағы кездесуде екі елдің авиация мен энергетика саласындағы ауқымды ортақ жобалар құрғанын көруге болады. Айталық, әуе компаниялар арасындағы ынтымақтастық пен ядролық отынды тазарту, пайдалану бағытында Қытай мен Францияның ірі-ірі компаниялары арасында келісімдер жасалған.
Шынын мәнінде, адам құқығын қорғаушы халықаралық ұйымдар Макронның Қытай сапарынан көп үміт күтті. Айталық, Human Rights Watch ұйымы Макронның Қытай сапарынан бірнеше күн бұрын арнайы хат жолдап, Қытайда ауыр дәрежеде бұзылып отырған адам құқығы мәселесін көтеру туралы ұсыныс еткен. Президент Макронның адам құқығы мәселесінде батылдық танытып, Қытайдағы мұсылман азшылықтарын, белсенділерді қудалау, қамау істерін тоқтатуға шақыруды талап еткен. Макрон сапары кезінде, халықаралық ұйымдардың ықпалымен Қытайдағы адам құқығы мәселесі, әсіресе Шынжаң мәселесі көтерілуі мүмкін деген хабарлар да болған.
Алайда, ресми кездесулер туралы таралған мәліметтерден бұл тақырыптарды таба алмадық. Байқағанымыз – АҚШ-Қытай арасындағы сауда соғысына байланысты Қытайдың тарығып тұрған ауылшаруашылық өнімдер нарығына алыс Еуропадан француз компаниялары көз тігіп отырғаны. Олар АҚШ-тың тосқауылға ұшыраған өнімдерінің Қытай нарығындағы орнын иеленуге тырысып жатқанын көреміз.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау