АҚШ пен Ұлыбритания Brexit келісімі жүзеге асқаннан кейін еркін сауда келісімі арқылы екіжақты қатынасты нығайтпақ. Бұл туралы Politico басылымы хабарлады.
Осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы екіжақты байланысты талқылаған. Еуропалық одақ құрамынан шыққан соң, ел экономикасы әлсірейтінін ескергер Борис Джонсон Ақ үй басшысынан еуропалық көліктерге және британ тауарларына баж салығын енгізбеуді өтінген.
Қазіргі уақытта Ұлыбритания кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуге қызу дайындықты бастаған. Аталған саяси шара биыл 12 желтоқсанда өткізілуі мүмкін. британия премьер-министрі Борис Джонның айтуынша, саяси дағдарыстан алып шығудың бірден бір жолы – мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу. Сонымен қатар, сайлаудан кейін Біріккен Корольдіктің Еуропалық одақпен және Солтүстік Ирландиямен шекара мәселесі де шешім табады.
Ал Brexit бойынша келіссөздердегі ЕО бас өкілі Мишель Барнье: «Британия мәселесін шешуді қолға алдық. Мұның соңы одақ құрамындағы өзге де демократиялық институттардың басқарылуына қатер төндірмеуі керек. Егер де Мэй үкіметі Brexit бойынша мерзімді ұзартуды сұраса, мұны Еуроодаққа мүше 27 елдің басшысы бекітуі тиіс», – дейді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді