Америка үшін «Солтүстік ағын – 2» құбыр жобасы қауіпті. Себебі, аталған жоба – таза коммерциялық жоба емес, бұл бірінші кезекте саяси құрал. Ресей геосаяси бағдарламаны ілгерілету үшін энергия тасымалдаушыларды қолданбақ. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.
Майк Помпео: «Біз Ресей мен Германияны байланыстыратын газ құбырының құрылысын бақылап отырмыз. Бұл Германия мен АҚШ қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. АҚШ дипломаттары мен энергетика саласының өкілдері Американың ғана емес, Еуропаның да қауіпсіздігі үшін жұмыс істеп жатыр», – деді.
Германия канцлері Ангела Меркель аталған жобада Украина Ресей газын тасымалдауда транзитті ел ретінде қалуы тиіс деп есептейді. Ол бұл мәселені Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленскиймен бірге талқылауға уәде етті. «Солтүстік ағын» газ жобасының екінші кезеңінің салынуына Еуроодақтың бірқатар елдері қарсы шығып отыр. Әсіресе Орталық және Шығыс Еуропа елдері. Тіптен бұл жобаға тыйым салуға барын салып жатыр. Ал Ресейдің «Газпром» компаниясының басқарма басшысы Алексей Миллер «осы уақытқа дейін газ құбырының жартысынан астамын салып біттік» деп отыр.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы