Өзбекстан Ұлыбританиямен бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды, – деп хабарлайды UzDaily.uz сайты.
Жақында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Ұлыбританияның Төтенше және өкілетті елшісі Тимоти Торлот екі ел және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Өзбекстан СІМ мәліметтері бойынша, келісім кешенді сипаттағы құжат саналады: құқықтық негіздерді сақтауға және тараптардың саяси, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, ғылыми-техникалық, қаржы және басқа да салалардағы өзара қарым-қатынастарын дамытуға бағытталған.
Халықаралық құжат Ұлыбритания Еуропалық одақтан шыққаннан кейін өзбек-британ шарттық байланысының ұзақтығын қамтамасыз етуге және барлық салаларда жан-жақты тәжірибелік өзара іс-қимылдың одан әрі дамуына ықпал етеді. Аталған келісім тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы алынған күннен кейінгі айда күшіне енеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді