Біріккен Корольдіктің Қауымдар палатасы 12 желтоқсанда кезектен тыс сайлау өткізуге келісім берді. Премьер-министр Борис Джонсон сайлау арқылы елді экономикалық тығырықтан шығаруға сөз беріп отыр.
The Guardian басылымының мәліметінше, осы аптада өткен дауыс беру кезінде Қауымдар палатасы 428 дауысқа ие болып, Үкімет мерзімінен бұрын сайлау өткіз жөнінде құжатқа қол қойды.
Премьер-министр Борис Джонсон осы сайлауда оның консервативті партиясы Қауымдар палатасында көптеген орындарды иеленіп, Еуропалық одақпен жаңа келісім жасауға мүмкіндік туады деп есептейді. 2015 жылғы сайлауда британиялық тори партиясы 36,9% дауыс жинап, 330 мандаттың басым көпшілігін жеңіп алды. 2017 жылы партия мерзімінен бұрын сайлауда 42,4% дауысқа ие болған.
Қазірше белгілі болған сауалнамалар нәтижесі бойынша Консервативті партияның рейтингі бас оппозициялық күштің, лейбористердің рейтингіне қарағанда шамамен 10%-ға жоғары. Бірақ сайлау алдындағы науқан кезінде рейтингтер айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Осы ретте Ұлыбританияның 31 қаңтарда Еуроодақ құрамынан шығатынын ескерген жөн. Алда өтетін сайлау одақ пен мемлекет байланысын оңтайландырмақ.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр