АҚШ-тың Америка даусы сайты «президент Доналд Трамптың Хиллари Клинтонмен президенттік бәсекеге түсіп,  құрама штаттарды аралап баяндама жасаған кездерінде, Азиядағы көптеген елдерге қаратқан АҚШ-тың бұрынғы саясаты жалғасын табатынын айтқан. Алайда, оның төмендегі бес елге қарата айырықша саяси мәмледе екенін байқауға болады. Оған оның төмендегі сөз-сөйлемдері мен пікірлері дәлел» деп жазады.

Солтүстік Кореия

Ол Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чең Ынды  «есалаң (maniac)» ,   «құтырық (madman)», «нағыз желікпе (total nutjob)»  деп атаған. Бірақ та,  Трамп ол жөнінде тағы да  «көп-көрім қабілетті»,  әкесінен қалған ұқықты меңгергеніне қарап  «мадақтауға татиды»  деген.  Трамп тағы бір сөзінде Қытай арқылы Кимді жоқ қыламыз деген.

Фото: informator.news

Оңтүстік Корея

Трамп Оңтүстік Кореяға  «Сеуль біздің әскери жақтағы қырауар шығынымызды төлесін, әйтпегенде ондағы әскерді шегіндіреміз»  деп құқай көрсеткен. Ол тағы былай дейді: «АҚШ Оңтүстік Кореяны қорғап,  Сотүстік Кореяны тізгіндегенде Оңтүстік Корея бізге қанша ақша төлейді екен? Бір тиын да көрсеткен жоқ».

Фото: foreignpolicyblogs.com

Жапония

Трамптың Жапония жөніндегі сөзі де қызық. Ол «АҚШ Жапония мен Солтүстік Кореяның арасындағы соғысқа қыстырылғысы келмейді. Алда-жалда шынымен соғысып жатсаңдар,  онда өздерің төбелесіңдер, соғыстан жақсырақ ләззәт алыңдар» деген. Сондай-ақ ол тағы да бейне Оңтүстік Корейге көрсеткен құқайын Жапонға да қарата айтқан. «Токио бізге ақша төлесін,  әйтпесе Жапониядағы АҚШ армиясын шегіндіреміз. Жапон мен АҚШ арасындағы қауіпсіздік жөніндегі кейбір келісімшарттар тек жалаң қабат дүние. Мүбәдә, күндердің бірінде біз шабуылға ұшырап жатсақ, Жапон біз үшін ештеңе істемей-ақ қойсын. Үйлерінде Sony маркалы телевизоларын көріп отыра берсін»  деп кекетті.

Фото: militaryarms.ru

Қытай

Сайлаудан бұрын әр сөзінде  «Қытайды құлатамыз,  Қытайдан АҚШ-қа кіріп жатқан тауарлардың салғын 45%-ға дейін көтереміз» деп айқұлақтанған Доналд Трамп тағы да былай дейді: «Жершары климатінің жылынуын Қытай тудырған құбылыс. Мұндай жылы климат тек Қытай үшін қызмет етуде. Олардың нысанасы АҚШ-тың жасау өнеркәсібінің бәсекелестік қуатын әлсірету».

Фото: liga.net

Филиппин

Трамп Филиппинді «Террорийстер мемлекетінің тізіміне енгізіп», осындай елдерден келген бұқаралар мен босқындарды АҚШ территориясна кіргізбеуді айтқан. Оның бұл сөзіне қарата Филиппинның мәнсәптілары Доналд Трампты Филиппин территориясына аттап бастырмауды ортаға қойған.

Фото: strifefinalwordpress.com

Әділет Ахметұлы

“The Qazaq Times”