АҚШ арнайы жасағы операция барысында Абу Бакр әл-Бағдатидың көзін жойды деген ақпарат тарауда. Бағдати болса Қазақстанды қамтыған әлем елдері жағынан террорлық ұйым ретінде шектеу қойылған өздерін «Ислам мемлекеті» деп атаған жиһадшыл топтың жетекшісі.

Бағдатидың оққа ұшқанын АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы мәлімдемесінде айтқан. Оның айнуынша Бағдати үш жылдан бері АҚШ арнайы жасағының басты нысанасы болған. Мәлімдемеде айтылуынша, АҚШ-тың әуе соққысы Сүрия мен Түркия шекарасына жақын маңда болған. Нақтырақ айтқанда, әуе шабуылы Сүрияның солтүстік-шығысында Түркия шекарасынан 5 шақырым ғана қашықтықтағы нысанаға жасалған.

Әл-Бағдатидың өлтірілгенін Сүриядағы, Иран мен Ирактағы ақпарат көздері де растап жатыр. Бірақ, Ресей тарабы АҚШ арнайы операциясының нәтижелі болғанына сенбей отыр.

АҚШ президенті мәлімдемесінде арнайы жасақтың әл-Бағдати жасырынған Бариша елді мекеніндегі тұрағына басып кіріп, ондағы 11 баланы эвакуация жасаған, жерасты жолымен қашуға әрекет еткен әл-Бағдатидың ойы іске аспаған. «Біз көптеген жерасты жолдарының бар екенінен хабардар едік. Біреуінен басқасы толықтай жабылған болатын. Нәтижесінде ол өзін үш баласымен бірге жарып жіберді», – деген президент Трамп сөзінде. Жарылыстан кейін оның кісі танығысыз күйде болған. Алайда, арнайы сараптаудан нәтижесі мүрдені әл-Бағдатидың денесі деп тұрақтандырған.

«Бұл тура кинодағыдай болды», – деген президент Трамп. Ол штабта операцияның жалпы барысын бақылаған. Америкалық арнайы жасақтардан адам шығыны болмаған. Әл-Бағдатидың тұрағына шабуыл жасау кезінде оның көптеген жасақтары оққа ұшқан. АҚШ президенті «Ислам мемлекеті» террорлық тобының қылмыстары туралы айта келіп: «әл-Бағдати ит өліммен өлді. Әлем сәл болса да қауіпсіз бола түсті», – деген.

Бірақ, Ресейдің Қорғаныс министрлігі кеше жасаған мәлімдемесінде АҚШ президентінінің сөзіне пікірін білдірген. Ресей Қорғаныс тарабы сенбі күні Сүрия жерінде жасалған шабуыл туралы білмейтіндерін, әрі әл-Бағдатидың өлтірілгеніне күмәнмен қарайтынын жеткізген.

“The Qazaq Times”