НАТО елдерінің Қорғаныс министрлері Германияның Сүрия шекарасында қауіпсіздік аймағын тез арада құру туралы ұсынысын талқыламақ.
Солтүстік альянстың Бас хатшысы Йенс Столтенберг Еуропалық одақ елдерінің Сүрияның солтүстік-шығысындағы әскери қақтығысты тоқтату идеясын қолдайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, министрлер Түркия қару-жарақтарын сату мәселесін талқылайды.
Түркия Сүрияда контртеррорлық операция бастағалы, Еуропада НАТО-ның көптеген елдері, сондай-ақ Канада Анкарадан әскери жабдытарды сатып алуға уақытша эмбарго салған.
9 қазанда Түркия Сүрияның солтүстігінде «Бейбітшілік қайнары» аталатын арнайы операция бастаған. Түрік авиациясы мен артиллериясы көрші ел аумағындағы күрд жасақтарын соққыға алды. Әскери операцияның мақсаты – лаңкестерге оңтүстік шекарада дәліз құруға жол бермеу. Түркияның бұл әрекетінен кейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Анкараға экономикалық санкция енгізген. Кейіннен ресми Уашингтон тараптардың ортақ келісімге келгенін және санкцияның жойылғанын хабарлады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы