АҚШ президенті Дональд Трамп «Бейбітшілік қайнары» аталатын әскери операцияға байланысты Түркияға енгізілген санкцияны алып тастады. Бұл туралы Америка қаржы ведомствосы хабарлады.

Ақ үй басшысы тараптар өзара келісімге келгеннен кейін Түркия Сүриядағы контртеррористік операциясын тоқтатқанын айтты.» Қашықтығы 20 миль (32 шақырым) болатын қауіпсіздік аймағы құрылды» – деген АҚШ президенті Сүрия-Түркия шекарасында оқ ату тоқтатылып, жағдайдың тұрақталғанын мәлім етті.

15 қазанда күшіне енген АҚШ-тың санкциясына Түркияның Қорғаныс және Энергетика министрліктері ілінген. Сонымен бірге, биліктегі «АК» партия төрағасының орынбасары Сулейман Сойлу да санкцияға алынды. АҚШ санкция арқылы Анкараға қысым түсіріп, Сүрияның солтүстік-шығысындағы шабуылды тоқтатуға шақырған.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қазанда Түркия Сүрияның солтүстігінде «Бейбітшілік қайнары» аталатын арнайы операция бастаған. Түрік авиациясы мен артиллериясы көрші ел аумағындағы күрд жасақтарын соққыға алды. Әскери операцияның мақсаты – лаңкестерге оңтүстік шекарада дәліз құруға жол бермеу.

"The Qazaq Times"