Түркия мен Ресей лидерлері Сочидегі кездесуде күрдтер туралы «тарихи келісімге» қол жеткізгені белгілі болды. Түркия-Ресей арасындағы жаңа келісім бойынша олар шекараны ортақ бақылауға алады.
Башар әл-Асад басқарып отырған Дамаск үкіметі Ресейдің одақтасы ретінде белгілі. Түрикя Сүрияның солтүстігінен өз әскерлерін кіргізгенде, Мәскеу өз алаңдаушылығын білдірген болатын. Бірақ, Түркия, Ресей және Иран Сүрия мәселесінде бірнеше жылдан бері мүдделерін ортақтастырып келеді. Сүриядағы негізгі ойыншылар ретінде Анкара, Мәскеу және Теһран арасында «Үштік саммит» жиі өткізіліп келеді. Бұл рет Сочиде кездескен Ердоған мен Трамп өз-ара келісімді жаңа деңгейге көтерді десе болады.
Қазір Түркия қарулы күштері Тель-Абьядтан тартып Рас әл-Айн қаласына дейінгі 120 шақырым қашықтықтағы шекараны өз бақылауында ұстап тұр. Анкара бұл аймаққа «Бейбітшілік қайнары» операциясы негізінде 2 млн шамасындағы босқындарды орналастырмақ. Келісімге сай, Ресей Түркияның бұл операциясына кедергі келтірмейді. Бұдан сырт Тал-Рифат пен Манбиж қалаларынан күрд қарулы күштерінің шығып кетуіне тағы 150 сағат уақыт берілген.
Күрд қарлу күштері бұл келісімге қандай көзқараста екені бей мәлім. Кейбір аймақтарда Түркия әскерлерімен қақтығыстардың болғаны да белгілі. Бірақ, Сочидегі кездесуден кейін, Түркия мен Ресей осы аймақтарға күрд қарулы күштерінің қайтып келмеуі үшін бірлескен күзет алып барады. Мәліметке қарағанда бірлескен бақылау әрекеттері бүгіннен басталған.
Айта кетейік, Анкара Сүриядағы күрдтердің қарулы топтарын террорлық ұйым ретінде таниды. Әрі, бұл топтар Түркияда террорлық топ ретінде тыйым салынған PKK жақтастары деп санайды. Бірақ, күрд күштеріне Батыс елдерінің көзқарасы Анкарамен бірдей емес, олар күрд қарулы топтарын «Ислам мемлекеті» террорлық тобына қарсы күрестегі одақтастары ретінде қарастырып келген.