АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсонның (Rex Tillerson) жұма күні жариялаған хабарламасында, Солтүстік Корей мәселесінің келіссөздері әле де жеткілікті емес екенін, Солтүстік Корея ядролық және баллистикалық зымырандарды дамыту ісіне қарсы тың деңгейде әріптестік орнату керек екенін атап өтті. Ол және аталған елге қарсы санкцияны әлі де тереңдете түсіру керек екенін ескертті. Бұл туралы танымал «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Юн Бён-Семен (Юн Бён-SE) осыдан бұрын өткен келіссөзден кейін, АҚШ мемлекеттік хатшысы Сеулде журналистерді қабылдады. Ол өзінің ҚХР төрағасы Ши Жинпинге (Си Цзиньпин) кездесу барысында, АҚШ-тың Оңтүстік Кореяда зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнатуына Қытай билігінің қарсылығынан туған, Оңтүстік Кореяға қысым түсіру істерін де ортаға салатынын айтты. Ол бұл жүйенің Оңтүстік Кореяның қорғанысына бағытталғанын түсіндіруге тырысатынын жеткізді.
Тиллерсонның Шығыс Азиядағы үш елге жасалған сапарының соңғы нүктесі бүгін болмақ. Ол бүгін ҚХР басшысы Ши Жинпинге жолығады. Қытай үшін АҚШ пен Оңтүстік Кореяның «Сад» зымыранға қарсы жүйесін Қытайға жақын елде орнатуы бір жағынан үрей тудырса, енді бір жағынан орынсыз әрекет болып саналады. Ал, АҚШ пен Корея оны Қытайды тежеу мақсатында емес, тек өздерінің біріккен армиясы мен Оңтүстік Кореяны ядролық шабуылдан қорғау деп түсіндіріп келеді. Бұл жүйенің орнатылуына бірден бір қарсы ел ретінде Бейжің тараптың қандай ұстанымда болатыны, алдағы Шығыс Азия өңірлік қайшылығының дамуы мен құлдырауына тікелей әсер еткелі тұр. Демек Тиллерсон мен Ши Жинпиннің кездесуі өңірлік мәселелер үшін тарихи оқиға болып қалмақ.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі