Жапония үкіметі Ормуз бұғазына әскер жіберу туралы шешім қабылдады. Бірақ, арнайы күш құрылымдарын құру АҚШ коалициясы шеңберінде қабылданбаған. Бұл туралы Asahi Shimbun басылымы хабарлады.
Жапондық БАҚ бұдан бұрын теңіз күштерінің бір әскери кемесін жіберуді жоспарлағаны туралы мәлімдеген. Осы ретте Жапония министрлер кабинетінің Бас хатшысы Есихидэ Суга баспасөз мәслихатында жапон билігі қазіргі уақытта арнайы әскери құрылымдарды Ормуз бұғазына жіберу мүмкіндігін шынымен қарастыратынын айтқанмен, тиісті шешім қабылданғанын растамады. «Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің отырысында премьер-министр Синдзо Абэ бұл мәселені қарауға өкім берді. Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылық біздің елімізді қоса алғанда, бүкіл халықаралық қауымдастық үшін өте маңызды», – деді ол.
Парсы шығанағы аймағындағы жағдай 19 шілдеде шиеленіскен. Британдық ту ілінген Stena Impero танкерін Ормуз бұғазында Ислам революциясы күзет корпусы (КСИР, Иран ҚК элиталық бөліктері) күштері тұтқындаған болатын. КСИР мәлімдемесіне сәйкес, танкер «халықаралық ережелердің бұзылуына байланысты» тұтқындалған. Кейіннен Уашингтон Парсы шығанағы аймағында кеме қатынасының еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында коалиция құратынын жариялады. Аталған коалицияға мүше болуға Аустралия, Бахрейн, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы және БАӘ ниет білдірген.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді