Жапония нөсерлі жауын мен қатты дауылдан зардап шегуде. «Хагибис» дауылы 60 жылдан бері болмаған ауыр апат алып келген. Елдің кейбір аумақтары су астында қалды.

Мәліметтерге қарағанда кемінде 35 адам қаза тапқан 17 адам із-дерексіз жоғалған. Елдегі «Киодо Ньюс» арнасы табиғаттың апатынан өлгендердің саны бұдан да көм болуы мүмкін дейді.

Дауыл мен жауын-шашыннан баспанасын су алу қаупі бар делінген 7 млн адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Ауыр апат өткен аптаның соңғы күндері жапон жұртын көп әуреге салды.

Жапония үкіметі елде 1958 жылдан бергі ең қатты «Тайфун» дауылы болуы мүмкін деп қауіптенуде. Ол уақытта «Каногава» бораны 1200 адамның жанын жалмаған болатын.

Апатты аумақта болғанымен орталық қала Токио су тасқынынан салыстырмалы түрде азырақ зардап шекті. Бұған орталық қаланың су тасқынына қарсы жүйесі үлкен көмек еткені айтылуда. Орталық қаланы су тасқынынан қорғау үшін миллиардаған қаржы шығарып, су бөгеттерін, қосымша арналар жасалған. Бірақ, басқа қалаларда мұндай апатқа қарсы дайындық болмады.

Темір жол мен әуе жолдары да жабылып, тұтас ел аумағында жол қатынасы қиындықта қалып отыр. Жергілікті телеарналар 270 мың отбасы электр жарығынсыз қалғанын хабарлады. Кейбір аумақта апатқа қарсы техникалар электр қуатынсыз жұмыс істей алмай отыр.

“The Qazaq Times”