Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, Жапониядағы тайфунның салдарынан қазіргі таңда 10 адам қаза тапқан.
NHK телеарнасының хабарлауынша, бір адам Осакада қаза тапқан. Жеті адам Сигада, тағы екі құрбан Айти мен Миэ қалаларында өлі табылған. Сонымен қатар, 300 адамның зиян шеккені хабарлануда. Билік «Kansai» және «Chubu» электрстанса компанияларында төтенше оқиға орын алып, 1,2 миллионға жуық адам жарықсыз қалғанын ресми түрде растаған. Сонымен қатар, тайфунның кесірінен жүздеген әуе рейстері шегерілген. Кансай әуежайында түнеп шығуға мәжбүр болған жолаушылар Кобэ әуежайына жіберілгенмен, ол жақтан да діттеген жерлеріне қашан жететіні әзірге белгісіз. Ал, Кансай әуежайының жұмысы бүгін кешке дейін тоқтатылады. Қазіргі мәліметтер бойынша, 162 ішкі рейс кейінге қалдырылған.
Жапония синоптиктерінің мәліметінше, бұл — соңғы 25 жылда орын алған ең жойқын тайфун ретінде тілкелген. Джеби деп аталатын тайфун осы уақытқа дейін Жапонияның батысындағы бірқатар қалада тіркеліп, қазіргі уақытта солтүстікке қарай жылжуда.
Сонымен қатар, Жапония билігі егер әуежай жабық қала беретін болса, ол елдің экономикасына едәуір деңгейде шығын әкеледі деп алаңдайды. Ол Жапонияның әлемнің кем дегенде 80 қаласымен байланыстырады.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес