Германия канцлері Ангела Меркель Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонға Солтүстік Ирландия Еуропалық Одақ құрамында қалады деген шартпен ғана Brexit бойынша мәміленің жүзеге асатынын ескертті. Бұл туралы ВВС телерадио хабарларын тарату корпорациясының саяси шолушысы Лора Кюнссберг хабарлады.
Ангела Меркель және Эммануэль Макронның пікірінше, Еуропалық одақ құрамынан Британия шыққаннан кейін бірқатар экономикалық қиындықтарға тап болады. Сол себепті Солтүстік Ирландиямен арадағы шекара мәселесін толықтай шешіп алған жөн. Джонсон Германия, Франция басшыларының бұл ұсынысын орындау «шын мәнінде мүмкін емес» деп жауап берді.
Солтүстік Ирландияның ЕО-ға қарасты бірыңғай кедендік аймағында қалуы Джонсон ұсынған Brexit бойынша жаңа жоспарға толығымен қайшы келеді. Британдық премьердің ұсынысы «бэкстоп» режиміне балама саналады. Яғни аталған жоспар ЕО мен бұрынғы премьер-министр Тереза Мэй Үкіметі арасында қол жеткізілген келісімнің бөлігі саналады.
Бірккен Корольдіктің премьері Борис Джонсонның ұсынысына сәйкес, Солтүстік Ирландия өтпелі кезең өткеннен кейін Кеден Одағы құрамынан біржолата шығады және осы аумақтағы тауарлардың барлық санатына жаңадан кедендік режим енгізілетін болады.
Ұлыбритания ЕО-дан биыл 29 наурызда, яғни қауымдастықтан шығу туралы жазбаша хабарлама берілгеннен кейін екі жыл өткен соң кетуі керек еді. Алайда британ Парламенті Қауымдар палатасының депутаттары Брюссель мен бұрынғы премьер-министр Тереза Мэй үкіметі арасында қол жеткізілген Brexit шарттары туралы келісімнің жобасын үш рет кері қайтарған. Нәтижесінде Еуропалық одақ Brexit-ті алдымен сәуір немесе мамырға, содан кейін 31 қазанға бекітуге келісті. Санаулы ждылдар ішінде бірнеше қиындыққа тап болған Мэй үкіметті тығырықтан шығара алмай, отставкаға кетуге мәжбүр болды.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті