Ыстамбұлда ірі теракт жасамақ болған "Ислам мемлекеті" тобының екі жақтасы ұсталған. Олар 2017 жылдың 1 қаңтарында Reina клубында болған қанды оқиғаға ұқсас шабуылға дайындалған деп хабарлайды "centralasian.org" CNN Turk басылымына сілтеме жасап.
Өзбекстанның екі азаматы ұсталған. Олардан қару-жарақ, жарылғыш құралдар тәркіленген. Құқық қорғау органдарының ақпаратына қарағанда, олар Ыстамбұлда туристер көп жүретін жерлердің бірін таңдап, дайындық жүргізген.
1 қаңтарда Reina клубына жасалған шабуылдан 39 адам қайтыс болып, 69 адам жараланған. Түнгі клубта сол уақытта 600-ге тарта адам болған. Кейін шабуылды жасады деген Өзбекстан азаматы Абдулкадыр Машарипов ұсталды.
"Ислам мемлекеті" террористік ұйымы Ыстамбұлдың түнгі клубындағы шабуылды мойындарына алған.
“The Qazaq Times”

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды