АҚШ мемлекеттік департаменті Украинаға Javelin танкіге қарсы зымырандарын сататын болды. Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Киев 40 млн долларға 150 дана қару-жарақ сатып алып, аталған жүйелер арқылы қорғаныс саласын күшейтпек.
АҚШ-тан қару сатып алу өтінішін Киев жазда жолдаған еді. 2018 жылы мемлекет Уашингтоннан 200 зымыран мен 37 ұшыру құрылғыларын сатып алды. Биыл тамызда Уашингтон Киевке әскери көмек беру шешімін қайта қарамақ болған. Politico мәліметі бойынша, Трамп Киевке бөлінген қаржының Америка мүддесі тұрғысынан пайдаланылатынына көз жеткізгісі келеді. Қаржы құрылымына тексеріс жүргізушілердің арасында АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер мен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон бар. АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Уашингтоннан Киевке 2014 жылдан бастап көрсетілген әскери көмек көлемі $1,5 млрд-қа жеткен.
Кейіннен 20 қыркүйекте АҚШ Конгресс өкілдерінің палатасы Украинаға әскери көмекке $ 250 млн бөлуді мақұлдады. Тиісті тармақ Федералдық үкіметті уақытша қаржыландыру туралы конгрессмендер бекіткен заң жобасында жазылған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер