Ауғанстан үкіметі елдегі әлсіз болса да демократия құндылығын сақтап қалу үшін сайлау өткізді. Сайлау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенімен, сайлау күнінің өзінде Ауғанстанда 68 мәрте қарулы шабуыл болып, 4 қауіпсіздік қызметкер қаза тапқан.
Ауғанстандағы президент сайлауының үміткерлері қатарында осыған дейінгі президент Ашраф Ғани мен оның бұрынғы саяси одақтасы Абдолла Абдулла бәсекеге түсті. Алайда, елдің басым көп аумағын тәліптер бақылауына алып тұрғандықтан, көптеген сарапшылар кезекті сайлауның легатимділігінен күмәнданады. Екі саясаткер билікте отырған 5 жылда Ауғанстандағы зорлықты күш пен қақтығыс күшейген.
Ауғанстандықтардың басым көбі үкіметке сене бермейді. Тіпті бірқатары сайлауға дауыс беруден қорқады. Оларға Ауғанстан үкіметін мойындамайтын тәліптердің ықпалы бар.
Сайлау күні ел көлемінде тәліптер жағынан 68 рет қарулы шабуы жасалды. Нәтижесінде, 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, 72 адам жарақат алған. Ауған үкіметі тәліптерге бағытталған 13 қарулы операциядан 34 «Талибан» мүшесі жойылғанын мәлімдеді. Ал, тәліптер жасаған мәлімдемеде, үкімет күштерінің ауыр шығынға батқаны айтылады. Олар қауіпсіздік күштерінен өлгендер мен жараланғандар болып 400-ден астам адам зардап шеккенін айтады.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді