Иран халықаралық қауымдастықты АҚШ-тың санкцияларын тоқтатуға мәжбүрлеуін сұрады. Иран СІМ басшысы Мұхаммад Жавад Зариф АҚШ-тың Иран медицина саласы мен дәрі-дәрмектеріне салған санкциясын экономикалық лаңкестік қатарында бағалады.
Зариф мәлімдемесінде АҚШ-тың Иранға бағыттаған санкцияларынан ирандық бейбіт халықтың зардап шегіп отырғанын баса айтты. Оның айтуынша, АҚШ санкциясы Иранның медицина жабдықтарын сатып алуына кедергі келтірген. Нәтижесінде қарапайым азаматтар АҚШ санкциясының зардабына ұшыраған.
Иран СІМ басшысы сөзінде: «Халықаралық қауымдастық АҚШ пен оның одақтастары Иранның медицина және дәрі-дәрмектеріне салған санкциясын тоқтатуға мәжбүрлеуі керек», – деген.
«АҚШ-тың Иран режимін өзгертуге жасап жатқан әрекеттері классикалық лаңкестікке ұқсаса, соңғы қадамдары «экономикалық лаңкестік», – деп мәлімдеді Иран сыртқы істер министрі Нью-Йорктегі мәлімдемесінде.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр