АҚШ Конгресі Польшаға F-35 бесінші буынды 32 жойғыш-бомбалаушы құрылғыларын сатуға келісім берді. Бұл туралы Польшаның Ұлттық қорғаныс министрі Мариуш Блащак Twitter парақшасында хабарлады.
«АҚШ Конгресі Польшаға 32 заманауи F-35 ұшағын сатуға келісім берді. Бұл шарт жасасу алдындағы соңғы қадамдардың бірі, бірақ бұл біздің жұмысымыздың соңы емес. Біз барынша тиімді баға алу үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз», – деді министр.
11 қыркүйекте АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіпсіздік жөніндегі (Defense Security Cooperation Agency) басқармасы хабарлағандай, үкіметаралық келісімшарттар бойынша америкалық әкімшілік Польшаға F-135 турбореактивті екі контурлы қозғалтқышын, сондай-ақ ілеспе жабдықты сатуға шешім қабылдады.
Қос тарап арасындағы келісімшарттың құны $6,5 млрд. бағаланған. Дегенмен, Польша билігі аталған соманың азаятынын айтты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел