Уашингтон Дамаскіні химиялық қару қолданды деп тағы да айыптады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихатында Башар Асад билігін Идлиб провинциясында оппозиция өкілдеріне қарсы химиялық қару қолданды деп айыптады. Оның сөзінше, химиялық қаруға қатысты мәліметтерді АҚШ барлау қызметі тексерген.
Сүрия билігі өз арсеналында химиялық қарудың жоқтығын айтып, химиялық шабуылға қатысы жоқтығын алға тартып келеді.
АҚШ биыл мамыр айында бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылды Ресей мен Сүрия бірлесіп жасады деп есептейді. Баспасөз мәслихатында Майк Помпео Ресейдің Сүрияға жанармай тасымалдайтын екі компаниясына санкция салынғанын мәлімдеді. Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың бұл шешімін «саяси ессіздік» деп атап, санкцияға іліккен компаниялар Сүриядағы Ресей әскеріне әуе отынын жеткізгендігін алға тартуда.