Британия, Франция және Германия да Сауд Арабиясының мұнай нысандарына жасалған шабуылға байланысты Иранды айыптады. Бұған дейін мұндай айыптау тек Құрама Штат тарабынан болған. Бірақ, соған қарамастан Еуропа елдері Иранмен 2015 жылғы келісімді сақтап қалуға тырысатынын білдірді.
Еуропа елдерінің біріккен мәлімдемесінде: «Шабуылдың артында Иранның тұрғаны бізге мәлім болды. Бұдан өзге түсіндірме жоқ. Біз айыптыларды анықтау бойынша тергеу жүргізуді қолдаймыз», – делінген.
Бірақ, Иран СІМ басшысы Жавад Зариф бұл айыптауды жоққа шығарды. Ол «Еуропа елдері АҚШ-тың ақылға қонымсыз айыптарын қайталап жатыр» деп сынға алды. Ол және: «Иран Еуропа лидерлерінің ядролық қару бойынша жаңа келісім құру ұсынысына сенбейді. Себебі, Еуропа елдері АҚШ-тың рұқсатынсыз өз міндеттерін атқара алмайды», – деген.
Теһран бұған дейін Сауд Арабиясындағы оқиғаға байланысты АҚШ пен оның одақтастары әскери әрекетке баратын болса, Иран қатаң жауап қайтаратынын ескерткен болатын.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау