Бүгін Азаттық тілшісі Сәния Тойкен өзінің полиция майоры Бану Әбдікәрімнен қысым көргенін айтып әлеуметтік желіде тікелей эфирге шықты.
Астанадағы іссапарының соңғы күнінде Hilton Garden Inn Astana қонақ үйіндемін деген тілші өзінің "Өзенмұнайгаз" компаниясының қызметкері жаңаөзендік Шолпан Өтекеевамен тілдесуге келгенін, азаматтық формадағы полиция қызметкерлерінің кейіпкер бөлмесіне өткізбей бөгет жасап жатқанын айтып шағынды. Сағат 13:00-дер шамасында Сәния Тойкен фейсбук желісі арқылы тікелей эфирге шықты. Ол өзіне полиция майоры күш көрсетіп, қолынан телефонын тартып алмақ болғанын айтады. Видеодан қонақ үй дәлізінде үш кісінің тілшіні бөгеп, құжаттарын тексеріп тұрғанын көруге болады.
Биыл қазақстандық журналистерге қатысты әртүрлі қысымдар күшейе түскен, әсіресе Азаттық тілшілеріне.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы