Еуропалық одақ Ұлыбританияға бірнеше шарт қойды. Егер ресми Лондонның орынды дәлелдері болса ғана, Еуроодақтан шығу мерзімін шегере алады.
Мұнымен қатар, Ұлыбритания Солтүстік Ирландия шекарасында емін-еркін қатынауды сақтап, Еуроодақ алдында қаржылық міндеттемелерін орындауы тиіс. Еуропарламент осындай мазмұнда қарар қабылдады. Аталған құжаттың қолданылуын 544 депутат қолдап дауыс берсе, 126-сы қарсы шығып, 38-і қалыс қалған.
9 қыркүйекте Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан Brexit мерзімін кейінге қалдыру жөнінде заң қабылдаған болатын. Осыған қатысты Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер: «Бізбен кездесуінде Борис Джонсон Ұлыбритания келісімге жеткісі келеді, бірақ неде болса, 31 қазанда елі Еуропалық Одақ құрамынан шығатынын айтқан. Еш өзгеріс жоқ. Brexit-тің келісімсіз өту қауіпі жоғары боп тұр», – деді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел