Сәрсенбідегі АҚШ-тың федералды қор жүйесінің (ФҚЖ) базалық пайыздық мөлшерлемені өсіргендігі жайлы мәлімдемесінен кейін әлемдік нарықтағы мұнай бағасы қалыпты межеден бірден өскен.
Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына мамырдағы фьючерстерінің бағамы 1,85% -ға өсті. Нәтижесінде, бір барреліне 51,86 долларды құрап отыр. Сәуір айындағы WTI маркалы мұнайының бағасы 2.41% -ға қымбаттап, бір баррельге 48.86 доллар болмақ.
Америкалық реттеушінің мәлімдемесіне дейін, Brent маркасы - 1,38% -ға, ал WTI - 1,02% -ға қымбаттаған.
ФҚЖ-ның ашық нарық бойынша комитеті наурыз айындағы отырыстың нәтижесінде жылдық базалық пайыздық мөлшерлемені 0,5-0,75% деңгейден 0,75-1% -ға дейін арттырған.
"The Qazaq Times"