«Facebook» басшысы Марк Цукерберг пен АҚШ президенті Дональд Трамп кездесті.
"Axios" басылымының мәліметінше, Трамп Цукербергті Ақ үйде қабылдаған. Кездесу барысында ғаламторды реттеу мәселелері талқыланған.
«Марк қазір Уашингтонда іс-сапармен жүр. Ол онда саясаткерлермен кездесіп, болашақта интернеттен төнетін қауіптер және оны қалай реттеу керектігі жөнінде талқылаулар өткізуде» - делінген «Facebook» баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бұған дейін Марк Цукерберг АҚШ Конгресінде жабық кездесу өткізген. Онда қандай тақырыптарда келіссөздер жүргізілгені әзірге белгісіз.