Сүрияның Түркиямен арадағы шекарасында жарылыс болды.
«Анадолы» агенттігінің мәліметінше, оқиға Жараблус провинциясына қарасты Чобанбей елді мекеніндегі аурухана маңында болған. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды. Жарылғыш құрылғы автокөлікке жасырылған.
Қазіргі уақытта екі ел шекарасындағы жағдай ушығып тұр. 6 қыркүйекте түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Сүрияның солтүстігінде қауіпсіздік аймағын қалыптастыру үшін Түркияға халықаралық қолдау көрсетілмесе, миллиондаған босқындар үшін Еуропаға шекара айқара ашылатынын ескерткен болатын. Сонымен қатар, ресми Анкара Еуропа елдерінен логистикалық көмек сұраған. Осыған байланысты, босқындар мен бейбіт тұрғындардың Сүриядағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолдау көрсететін бірден-бір мемлекет АҚШ болғандықтан, Түркия аталған мәселені америкалық әскерлермен бірлесе шешуге бел буған.
9 қыркүйекте Түркия мен АҚШ әскерлері Сүрияның Евфрат өзенінен шығыс аудандарда қауіпсіздік аймағын құру мақсатында бірлескен операция өткізген. Кейіннен ресми Анкара Уашингтонның бұл істенемқұрайдылық танытып отырғанын хабарлаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы