Иран билігі Парсы шығанағында Біріккен Араб Әмірлігіне дизель отынын апара жатқан кемені ұстады. Бұл жөнінде «Reuters» «ISNA» иран агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Кемені ұстау Сауд Арабияның мұнай өндіретін инфрақұрылымына шабуыл жасаған сәтімен сәйкес келген. 14 қыркүйекте дрондар мұнай өндіретін зауытқа шабуыл жасады. Шабуылды Иранмен байланысы бар делінген йемендік көтерілісші-хуситтер мойнына алған.
Кейіннен аталмыш оқиғаға байланысты АҚШ мемлекеттік департаменті Теһранды айыптады. Иран болса бұл айыптауларды теріске шығарып, ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді
Әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы Сауд Арабия тәуліктік мұнай өндіруді екі есеге түсірді. Шикізат бағасы бірден өсіп кетті. Brent маркалы мұнайдың бағасы 14 процентке өсіп, баррелі 70 долларға жетті.
АҚШ президенті Дональд Трамп жағдайды реттеу үшін мұнай қорын пайдалануға тапсырма берді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап