Кеше, қыркүйектің 13-і күні Арыс қаласында әскери қызметшілер қойма аумағын оқ-дәрілер фрагменттерінен тазарту кезінде жарылыс болып, салдарынан 4 сарбаз жарақат алған.
ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық хабарламасы бойынша, жараланған әскерилер арнайы бортпен Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталіне жеткізілген. Министрлік орын алған факті бойынша әскери полиция тексеру жүргізіп жатқанын хабарлағанымен, жараланған әскерилердің жағдайы бойынша ақпар бермеді.
Ведомство хабарлауына қарағанда, «Арыс тұрғындарына ешқандай қатер төнбейд,і қауіп жоқ. Жағдай бақылауда». Бірақ онда «оқ-дәрі бөлшектерін толық жинау мен оларды залалсыздандыруға біршама уақыт керек» делінген.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 5 шілдеде Арыста оқ-дәрілерді залалсыздандыру әрі тазарту кезінде де жарылыс болған еді. Қорғаныс министрлігі «зардап шеккендер жоқ» деп хабарлаған.
24 маусымда Арыс қаласындағы әскери қойма жарылып, төтенше жағдай салдарынан 4 кісі көз жұмған. Ресми дерек бойынша, қоймадағы оқ-дәрінің 70%-дан астамы жарылып кеткен. Қаладағы тұрғын үйлердің 80%-ы бүлінген. Апаттан бассауғалап өз бетінше 40 мыңға тарта халық өзін-өзі эвакуациялаған тұғын.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр