АҚШ президенті Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонды қызметінен бостатты.
Трамп өзінің Twitter парақшасында: «Бүгін таңертең Джонның отставкасына қол қойдым. Осы уақытқа дейін еткен еңбегі үшін алғыс білдіремін. Жаңа кеңесшіні келесі аптада тағайындайтын боламын», – деп жазды. Ақ үй басшысы Джон Болтонның бірқатар шешімдерін құптамайтындығын және кеңесшімен келіспеушіліктердің орын алғанын айтты.
CNN телеарнасының мәліметінше, Трамп пен Болтонның пікірі көп жағдайда сәйкес келмегендіктен, президент оның отставкасын талап еткен. Мәселен, Болтонның Ирак, Иран және Ресейге қатысты пікірлерін Трамп «әлемдік саясаттағы үлкен қателік» деп бағалаған. Болтонның нақты неліктен отставкаға кеткені ресми жарияланбаса да, шетелдік басылымдар АҚШ пен «Талибан» келіссөзі осыған сеп болуы мүмкін дейді.
70 жастағы Джон Болтон былтыр сәуірде Трамптың кеңесшісі болып тағайындалған. Бұл қызметіне дейін ол Құрама Штаттарының БҰҰ-дағы өкілі және мемлекеттік хатшының орынбасары болған.
Болтон АҚШ президенті қызметінен босатқан төртінші кеңесші. Осыған дейін ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі лауазымын Сьюзан Райс, Майкл Флинн және Герберт Макмастер атқарған.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр