Ресей президенті Владимир Путин мен Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга екі ел байланысын жаңа деңгейге көтеру мақсатында достық келісімін қабылдады.
Моңғолияның «Одрийн сонин» басылымының мәліметінше, іссапар барысында Ресей президенті моңғолиялық әріптесі Халтмаагийн Баттулгамен кездесіп, достық және стратегиялық әріптестік жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойған. Жаңа құжат 1993 жылғы достық және әріптестік туралы келісім-шартқа негізделген.
Ресей Моңғолияны энергиямен қамтамасыз етіп отырған «сенімді серігі» екенін атап өткен Путин тараптар барлық саланы дамытуды қолға алатынын айтты.
Айта кетейік, тамызда Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга АҚШ-қа ресми іссапармен барған. Онда ол президент Дональд Трамппен кездесіп, Уашингтонмен стратегиялық әріптестік орнатқан болатын.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы