Гонконгта мыңдаған оқушылар мен студенттер сабақ тастап, демократияны талап еткен наразылық шерулеріне қосылды. Мәліметтерге қарағанда, жаңа оқу жылының алғашқы күнінде екі жүзге жуық мектептен 10 мыңнан астам оқушы мектепке бармаған.
Оқушылар мен студенттердің байкот жасауы ереуілшілердің екі күндік жұмыс тастау және ауқымды наразылық шеруіне шақыруына тұспа-тұс келді. Өткен апта соңындағы наразылық шерулері кезінде ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс та болды.

10 мыңнан астам оқушы мектепке бармай қалды. Фото: BBC.
Сенбі мен жексенбі күндері ереуілшілер парламент ғимаратына шабуыл жасап, бөтелкеге құйылған бензиндер арқылы өрт қойған. Ал, полиция ереуілшілерге қарсы жасауратқыш газ және резине оқтарды пайдаланды, жақын келгендері полицияның сойылына түсті.
Жексенбіде ереуілшілер әуежайға жалғасқан жолдарды жауып тастағандықтан шет қалалар мен елдерге сапарлайтын жолаушылар терминалдарға дейін жаяу баруына тура келген болатын. Кешке қарай ереуілшілер терминалдарды да жауып тастауға әрекет етті. Алайда, қарулы полиция оларды әуежай ішіне кіргізбеді.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті