Биыл 20 наурыздан бастап 12 тамызға дейін Сенат төрағасы лауазымында болған Дариға Назарбаева бүгін қайтадан бас спикер болып тағайындалды.
2016 жылдың 15 қыркүйегінде экс-президент жарлығымен сенат депутаты орнына келген Назарбаева Тоқаевтың жарлығымен тамыздың 12-сі бас сенаторлықтан босап, сенат депутаты болып қалған еді. Бүгін президенттің ұсынымын оқыған ПӘ басшысы Қ.Көшербаевтың «Дариға кандидатурасын» депутаттар құпия дауыс беру арқылы бірауыздан мақұлдап, сайлаған.
Заң бойынша Парламенттің жоғарғы палатасын басқаратын спикер сайлау өткенге дейін автоматты түрде уақытша президент атанатынын ескерсек, бұл лауазым президенттің саяси «ерік-жігерінің тәуелсіздігін, дербестік амбициясын айқындайтын параметр» дейтін сарапшылардың тамыздағы ауыс-түйістегі үміті жаңа шешіммен күмәнға айналғандай. Тоқаевтың Дариғаға отыз күнде екі жарлық шығаруында не сыр бар? Ел ішінде бұл «түсініксіз тағайындаудың» әртүрлі сыбыс-қауесетке себеп болуы әбден мүмкін.

Сенат төрағасы Дариға Нұрсұлтанқызы әкесі, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" медалін тағуда. Фото: ашық дереккөз

Назарбаев пен Тоқаев. Фото: elbasy.kz

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті