Бүгінгі тағайындаулардан кейін қазақ тілді әлеуметтік желілерде қолданушылары тарапынан 20 наурызда Сенат төрағасы болып сайланған Дариға Назарбаеваның жаңа жарлық бойынша "ҚР Сенатының депутаттары" қатарында сенатор ретінде аталуы қызу пікір тудыруда. Расымен де Сенаттың ендігі спикері кім болмақ?
Әзірге бұл сұрақтың басы ашық қалып отыр. Бұдан бұрын 2016 жылдың 15 қыркүйегінде экс-президент жарлығымен сенат депутаты қызметіне кіріскен болатын. Заң бойынша Парламенттің жоғарғы палатасын басқаратын спикер сайлау өткенге дейін автоматты түрде уақытша президент атанатынын ескерсек Қазақстанның "запастағы" президенттігі әлеуетті баламалы орынға кімнің тағайындалары алдағы уақыттың еншісінде. Қалай дегенмен де спикерлік тағайындау тарихи мәні ерекше шешім болмақ, саясаттанушы сарапшылардың пікірінше Сенат төрағалығына қатысты алдағы ауыс-түйіс Қ.Тоқаевтың саяси "ерік-жігерінің тәуелсіздігін, дербестік амбициясын айқындамақ".

Берік Уәлидің Facebook парақшасындағы тағайындаулар туралы жарияланым-скриншот. 12 тамыз 2019 жыл. Фото: Facebook.com

Ақорда сайтындағы жаңа ауыс-түйіс туралы президент жарлығынан скриншот. 12 тамыз 2019 жыл. Фото: akorda.kz


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы