ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айыр қалпақты айғайын Қырғыз елінің басшысының атына 31 тамыз Тәуелсіздік күніне арнайы құттықтау жеделхатын жіберді. Мемлекет басшысы өз құттықтауында Қырғызстанның өз егемендігі жылдарында ауқымды жаңғыру жолынан өтіп, мемлекет құру ісінде зор жетістіктерге жеткенін сөз еткен. 

Ақорда хабарламасында «Қасым-Жомарт Тоқаев ел астанасы мен Бішкек арасында қалыптасқан көпғасырлық достық, көршілестік және өзара сенім сипатындағы іс-қимылдарды Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынына ерекше мән берді» деп көрсетілген.

– Біздің елдеріміздің арасында орнаған ашық және тұрақты саяси диалог алдағы уақытта да қазақ-қырғыз қатынастарының стратегиялық серіктестік және өзара қолдау рухында жан-жақты нығая беруіне ықпал етеді деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Тарих беттеріне зер салсақ, 1991 жылдың 31 тамызы Қырғызстанның Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс сессиясында «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігінің декларациясын» қабылдап, тарихи акт негізінде демократиялық, суверинитетті мемлекет болып танылған еді. Ресми түрде Тәуелсіздік күндерін Қырғызстан 31 тамыз, Өзбекстан 1 қыркүйек, Қазақстан 16 желтоқсан атап өтеді.

1991 жылы 12 қазан сайлауда Асқар Ақаев президент болып сайланса, Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев басшылыққа сайланды. Асқар Ақаев, Құрманбек Бәкиев, Роза Отынбаева, Алмазбек Атамбаев экс-президенттер қатарына еніп үлгерсе, қазіргі таңда Сооронбай Жээнбеков президенттік қызметте. 28 жыл ішінде 5 президент ауыстырып үлгерген көрші ел қазір Орта Азиядағы жалқы парламентарлы жүйеге көшкен, демократиялық әлеуеті едәуір ілгері мемлекет.

"The Qazaq Times"