Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастырыуымен Ақмола облысында «мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 20-ға жуық жеткіншек сабаққа қажетті дүниелермен қамтылды. Дәптер, қалам, сөмке және 5000 теңге көлемінде ақшалай көмек берілді, деп Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлайды.
Салтанатты рәсімге қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының, «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері және қала тұрғындары көптеп жиналды. Ауқымды істерді межелеп отырған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Ақмола облыстық филиал алғашқы сәттен-ақ елді елең еткізді. Алдымен «Мектепке жол» акциясы аясында бірнеше балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар, ақшалай көлемінде көмек тарту етілді.
Балалардың қуанғаны – нағыз бақыт. Бүгінде кәсіпкерлер жыл сайын акцияға белсенді қатысуда. Қайырымдылық шара аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 20-ға жуық жеткіншек сабаққа қажетті дүниелермен қамтылды. Дәптер, қалам, сөмке және 5000 теңге көлемінде ақшалай көмек. Мұнда сабаққа қажетті дүниелердің барлығы бар. Бұл заттардың басым бөлігін сатып алуға кәсіпкер азаматтар қолғабыс еткен. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері барша азаматтарды отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ, балалардың сапалы білім алуы үшін барынша үлес қосуға шақырады.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы филиалдарының басшысы Қарлығаш Бекпатшақызының айтуынша, басты мақсат алыстан келген ағайын мен байырғы тұрғындар арасындағы байланысты нығайту. Төртеу түгел жерде төбедегі келеді емес пе? Қажет болып жатса жәрдем сұрай келген қандастарға да қамқорлық көрсетпек. Мәселен, құжат рәсімдеуден бастап, тіршіліктегі саналуан түйткілдерді шешуге келелі кеңес беру де көзделген.