Үстіміздегі жылдың 13-15 шілде аралығында Петропавл қаласында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, әлем қазақ жастары арасында шағын футболдан «ER JANIBEK CUP» халықаралық турнирі өтпек. Жүлде қоры 2 млн теңгені құрайтын доп додасына Түркия, Франция, Германия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран және Қазақстанның әр облысынан жиналған командалар қатыспақ.

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры жыл сайын әлем қазақ жастары арасында шағын футболдан «ER JANIBEK CUP» халықаралық турнирін өткізіп келеді. Турнирдің басты мақсаты әлемдегі қазақ жастарының басын қосу, олардың арасындағы өзара түсіністікті арттыру және атажұрт Қазақстанға деген сүйспеншілігін тереңдете түсу.

Кезекті «ER JANIBEK CUP-2018» турнирі Сегіз сері Бахрамұлының 200 жылдығына арналып отыр. Әлемнің әр елінен келетін командалар тек, сол елдегі этникалық қазақ жастарынан құрам табады. Футболдан тыс өзгеде мәдени мазмұндағы шаралар өтпек.

“The Qazaq Times”