"Иранға салынған санкциялар алынып тасталмай тұрып, ядролық қарудан бас тартуы туралы келіссөздер болмайды". Бұндай мәлімдемені Иран президенті Хасан Рухани мәлімдеді.
Францияда өткен "Үлкен жетілік" саммитінің қортынды баспасөз маслихатында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін білдірген. АҚШ президенті сөзінде: "Жоқ дегенде, мәселені шешу үшін тіл табысамыз деп үміттенемін. Менің ойымша, президент Рухани менімен кездескісі келеді. Иран тарабы мәселені шешуді қалайды деп қараймын. Бұларды мен ішкі түйсігіммен айтып отырмын", – деген еді.
Алайда, Иран президенті ресми теле арна арқылы жасаған мәлімдемесінде АҚШ бірінші қадам жасауы керек деген пікірін ашық білдірді Ол Трампқа бағыттаған сөзінде: "Сіз Иранға және оның халқына бағытталған барлық заңсыз және дұрыс емес санкциялардан бас тартуыңыз керек. Егер барлық тосқауылды алып, Иран халқына басыңызды исеңіз онда жағдай басқа арнаға бұрылады", – деді.
АҚШ президенті Иранға бас иіп бермесі анық. Алайда, Трамп та келіссөзге "кет ары емес". Қазір Франция тарабы Иран мен АҚШ арасында ара ағайындық етуге талпынып жатыр. Тіпті, президент Макрон АҚШ пен Иран президенттері арасында жоғары деңгейдегі кездесуді де ұйымдастыруға күш салатынын жеткізді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау