Қырғызстан Бас прокуратурасы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың 20 жылжымайтын мүлкіне салынған бұғатты шешті.
Бішкек қаласындағы Жал-23 ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйден, осы үйдегі 18 пәтерден, соның ішінде "Ассоциация Телерадиоорганизаций" заңды тұлға бірлестігенен бұғат алынып тасталды. Соңғысы - "Апрель" телеарнасының құрылтайшыларының бірі.
Атамбаевқа қозғалған қылмыстық іс аясында оның және туыстарының 135 түрлі жылжитын және жылжымайтын мүлкіне бұғат салынған. Тергеушілер бұрынғы президенттің басқа да мүліктерін іздестіріп жатыр.
Бас прокуратура Атамбаев пен оның жақын туыстарының бұғатталған мүліктерінің соңғы тізімін жариялауға уәде берді.
Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев 8 тамызда Қой-Таш ауылындағы үйінде ұсталды. Ол 26 қазанға дейін қамауда болады. Бас прокуратура экс-президентке 14 түрлі қылмыс бойынша күдік келтіріп отыр.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?