Қазақстан ІІМ 23 тамызда Арыс қаласының арсеналындағы жарылыс фактісі бойынша әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары қамауға алынғанын хабарлады. Аталған дерек бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыдан екі ай бұрын қаланың іргесіндегі қару-жарақ қоймасында орын алған алапат жарылыстан кейін елу мыңға тарта тұрғыны бар Арыс қаласының көп бөлігі бүлініп, азаматтар үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған. Жарылыстан 2 әскери, 1 бейбіт тұрғын, бейресми эвакуация кезінде көлік қаққан 1 бала көз жұмған. Жүзден астам тұрғын ауруханаға жеткізілген.
Бөлім командирінің орынбасары оқ-дәрі қоймасын да басқарғаны анықталды. 23 тамыз Арыс аудандық соты әскерилерді екі айға қамауға алған.Ұсталған екі әскери Қылмыстық кодекстің 462-бабы 3-бөлігінде қарастырылған «Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу» және 453-бабы 2-бөлігі «Қызметке салғырт қарау» баптарымен күдікке ілінген.
Үкімет 1 тамызға дейін жөндеу жұмыстары аяқталады дегенімен қалада әлі күнге дейін құрылыс жалғасып жатыр.

Арыс қаласының іргесінде орналасқан арсеналдың жарылысқа дейінгі нысандық суреті. Фото: Азаттық/Reuters















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы