Америка Құрама Штаттары 500 шақырым қашықтыққа ұшып бара алатын қанатты зымырандарын сынақтан өткізді. Бұл АҚШ-тың орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды шектеу туралы келісімнен шығып кеткеннен кейінгі алғашқы зымыран сынағы.
Зымыран сынағы туралы мәліметтерді Пентагон бүгін ғана ресми мәлімдеме таратылғанымен. сынақ жексенбі күні өткен болған. Сынақ ретінде ұшырылған зымыран 500 шақырымға дейін ұшып барып көздеулі нысанаға тиген. Пентагонның мәлімдемесінде келер жылы наурызға дейін 1000 шақырымға дейін ұшуға қаблетті зымыран сынақтарын өткізу жоспарда бар екені айтылуда. Сондай-ақ, қарашаға дейін орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды да сынақтан өткізуі мүмкін.
Орта және қысқа қашықтықтағы зымыранды пайдалануды шектеу туралы келісім Кеңес одағы тұсында Мәскеу мен Уашингтон арасында жасалған. Онда 500 шақырымнан 5500 шақырымға дейін ұша алатын зымырандарды қолдануға шектеу қойылған. Келісімге сол кездегі екі державаның лидерлері Рональд Рейган мен Михайл Горбачев қол қойған болатын. Бірақ, биыл бұл келісімнен АҚШ пен Ресей арт-артынан шығып кетті. Қазір орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды қолдану туралы ауқымды келісімдер жоқ.
АҚШ келісімнен шыққан себебін Ресейдің шарттарды орындамауы деп көрсетеді. Ал Ресей биыл құпия түрде жаңа түрдегі зымырандарды жасап жатқаны айтылады. Бұл жаңа қарулар 500 шақырымнан алыс аралыққа жетуге қаблетті деп айтылуда. Бірақ, Ресей тарабы жаңа зымырандардың ұшу қашықтығы 500 шақырымнан аспайтынын алға тартады.
Уашингтон аталған зымырандарды жою туралы Мәскеуге ұсыныс берген. Бірақ, Ресей бұған жауап ретінде АҚШ-тан кейін 1987 жылдан бері келе жатқан келісімнен шығып кетті. Ірі державалар арасындағы бұндай әрекеттер өткен ғасырдағы "Қырғи қабақ соғыс жылдарын" еске салады. Державалар арасындағы қару-жарақ жарысы үдей түссе бұл жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлкен қауіп төндірмек.