Түркия әскері Сүрияға кірді.

Тамыз айының 19-ы күні Сүрия сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімет бойынша, Түркия әскері Саракиб қаласына басып кіріп, Хан-Шайхун елді мекеніне қарай жылжып келеді.

«Түркия армиясы Сүрия шекарасын бұзып, Хан-Шайхун қаласына қарай жылжып келеді» - делінген СІМ таратқан мәлімдемеде.

Ресми Дамаск Түркияның бұл әрекетін «елдің тұтастығына нұқсан келтіру» деп бағалап, Анкараны өз территориясына басып кірді деп айыптады.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сүрияның шекаралық аудандарында бейбіт аймақ құратындығын мәлімдеген. Ол Анкараның аталмыш әскери операцияны Ресей және АҚШ-пен келісіп жүзеге асыратындығын айтқан.

201-2017 жылдары Түркия Сүрия аумағында «Ефрат қалқаны», 2018 жылы «Зәйтүн бұтағы» әскери операцияларын өткізген. Операцияның басты мақсаты сол уақытта Сүрия күрдтерінің иелігіндегі Африн қаласын өз бақылауына алу болған.

"The Qazaq Times"