Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше сенат депутатының өкілеттілігін тоқтатты.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, президенттің жарлығымен Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттіліктері тоқтатылды. Жарлық жарияланғаннан кейін тілшілерге сұхбат берген Әйтімова «өзінің карьерасын жасауға мүмкіндік берген Елбасыға және Дариға Назарбаевға алғыс білдіретінін» айтты.
12 тамызда президент жарлығы бойынша Парламент Сенатының депутаттары болып Мұхтар Құл-Мұхаммед, Андрей Лукин, Дариға Назарбаева, Ләззат Сүлеймен, Дана Нұржігітова, Нұртөре Жүсіп, Асқар Шәкіров, Қанатбек Сафинов тағайындалған. Өкілеттілігі тоқтатылған экс-сенат депутаттарына қатысты Қ.Тоқаев өзінің Twitter парақшасында: «Парламент Сенатындағы жемісті еңбектері үшін С.Громовқа, Б. Әйтімоваға, А. Бейсенбаевқа, Г.Кимге, Р.Қосдәулетовке, Р.Түсіпбековке зор ризашылығымды білдіремін», – деп жазды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел