Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҚҰҚМК) бұрынғы басшысы Абділ Сегізбаев 13 тамызға тергеуге шақырылды.
Осының алдында бірқатар БАҚ Кой-Таш ауылындағы оқиғаға байланысты Абділ Сегізбаев қамауға алынды деп хабарлаған. Бірақ оның туыстары бұл ақпаратты теріске шығарды. Милиция қызметкерлері тек шақырту қағазын беру үшін барған.
Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясының алғашқы күні Абділ Сегізбаев жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Бүгінгі күні 7-8 тамызда Кой-Таш ауылындағы оқиғаға байланысты президент аппаратының бұрынғы басшысы Фарид Ниязов, ҚСДП мүшелері Алга Кылычов, Кыяз Смайлов және Амантур Жамгырчиев ұсталып, қазан айына дейін қамауға алынған. Оларға "Альфа" жасағының өкілдерін кепілге алды деген айып тағылып отыр.
"Коррупция" бабы бойынша айыпталушы Алмазбек Атамбаевтың өзі 26 тамызға дейін қамауда болады.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды