Көпжылдық Америка-Қытай сауда соғысы жақын арада реттеледі деген сенім осы аптадағы АҚШ-тың  өз валютасын манипуляциялады деген айыптау бойынша Қытайға кінә артуымен ақталмады.  Тіпті Ақ үй басшысы Дональд Трамп әзірге Бейжіңмен келісім жасаспайтынын мәлімдеген.

Биыл Вашингтон $250 млрд көлеміндегі қаржыны құрайтын қытайлық тауарларға 25%-дық тарифтерді енгізген еді. Ал осы айда Трамп бірінші қыркүйектен бастап күшіне енетін басқа $300 млрд-тық Қытай импортына бағытталған жаңа тарифтер туралы жариялады. Демек қыркүйек айынан қытайлық әрбір импорттан тарифтік төлем алынатын болады.

Көрнекі сурет. Фото: nk-pro.org

Төмендегі Reuters ақпарат егенттігі деректері бойынша әзірленген хроникада әлемнің ең ірі екі экономикасының арасындағы сауда қатынастарына қатысты негізгі оқиғалар егжей-тегжейлі берілген.

 

28 маусым 2016 жыл

S&P 500: +1.78%

Ақ үйге кампания ретінде үміткер кезінде Трамп Пенсильваниядағы митингте Қытайдың әділетсіз сауда жүргізуіне қарсы іс-қимыл жоспарын баяндады. Сонымен қатар ол АҚШ Сауда заңнамасының 201 және 301-ші бөлімдеріне сәйкес тарифтер енгізу қажеттігін талап тетеді.  Оның айтуынша Қытайдың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі «тарихтағы ең көп жұмыс орындарының («ең үлкен ұрлық» ретінде) ұрлануына мүмкіндік береді».

 

31 наурыз 2017 жыл

S&P 500: -0.23%

Президенттікке келгеніне 70 күн толғанда Трамп екі Жарлыққа қол қояды. Біріншісі,  тарифтік органдарды анти-субсидия мен антидемпингке қарсы шарарларды қатаңдатуға шақырады. Ал,  екінші бұйрықта АҚШ-тың сауда тапшылығы мен оның себептеріне шолу жасалады.

 

7 сәуір 2017 жыл

S&P 500: -0.08%

Трамп Флоридадағы Мар-а-Лаго қаласында өткен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин алғашқы кездесуінде сауда келіссөздерінің 100 күндік жоспары туралы мәмілеге келді.

 

19 шілде 2017 жыл

S&P 500: +0.54%

Екі тарап та келіссөздердің 100 күнінен кейін АҚШ Қытаймен тапшылықты қысқарту бойынша жаңа қадамдар туралы келісімге келе алмайды.

 

14 тамыз 2017 жыл

S&P 500: +1.00%

Трамп «301-ші бөлімді» басшылыққа ала отырып,  Бейжіңге қарсы тікелей алғашқы сауда шарасы ретінде сипатталатын «қытайлық зияткерлік меншігінің болжамды ұрлығын» зерттеуге бұйрық береді. Онда 1974 жылғы қабылданған Сауда Заңының құрамдас бөлігі 301-ші бөлімнің «Құрама Штаттар сауда келісімдеріне сәйкес өз құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс» деген үзіндісі жазылады.

 

17 қаңтар 2018 жыл

S&P 500: +0.94%

Reuters ақпарат егенттігіне берген сұхбатында Трамп зияткерлік меншікті ұрлауға байланысты Қытайға үлкен «айыппұл» қаупі төніп тұрғанын айтады.

 

22 қаңтар 2018 жыл

S&P 500: +0.81%

Трамп тек Қытайдың ғана емес, барлық импортталған кір жуғыш машиналар мен күн панельдеріне арнайы тарифтер  жүктейді.

 

8 наурыз 2018 жыл

S&P 500: +0.45%

Бұл жолы да Трамп тек қытайлық қана емес, барлық жеткізушілердің болат импортына 25% және алюминийге 10% тариф енгізу туралы бұйрық шығарады.

 

2 сәуір 2018 жыл

S&P 500: -2.23%

Қытай жағы 128 америкалық өнімге 25%-ға дейін тарифтік төлем енгізеді.

 

3 сәуір 2018 жыл

S&P 500: +1.26%

Трамп шамамен $50 млрд-тық Қытай импортына 25% тариф бойынша жоспарын жариялайды.

 

4 сәуір 2018 жыл

S&P 500: +1.16%

Қытай да қарап қалмай $50 млрд көлеміндегі америкалық импортқа қатысты қарымта тарифтерінің жоспарын мәлімдеді.

 

15 маусым 2018 жыл

S&P 500: -0.10%

Құрама Штаттар 6 шілде күшіне енуі тиіс $34 млрд-тық Қытай импортына 25% алым белгілейді. Қоғамдық тылқылаудан соң  бұған қосымша 16 млрд АҚШ доллары көлеміндегі импорттық тауарға да 25%-дық тарифтер енгізіледі.

Аталмыш жағдайға жауап-амал ретінде Қытай тарапы да $ 34 млрд америкалық тауарға тариф енгізеді.

 

10 шілде 2018 жыл

S&P 500: +0.35%

АҚШ 10%-дық тариф енгізу жоспарын жария етеді.

 

1 тамыз 2018 жыл

S&P 500: -0.10%

Трамп USTR-ға $200 млрд-тық Қытай импортына қатысты енгізілуі тиіс тарифтің бастапқы 10%-дан 25%-ға дейін өсіруді тапсырады.

 

7 тамыз 2018 жыл

S&P 500: +0.28%

АҚШ 25%-дық тарифтер қолданылатын көлемі $16 млрд Қытай тауарларының тізімін жариялады. Жауап ретінде ҚХР дәл сол есеппен $16 млрд АҚШ тауарларына 25% баж салығын міндеттеді.

 

23 тамыз 2018 жыл

S&P 500: -0.17%

Тамыздан бастап тауарларға салынған тарифтер күшіне енгізілді. Құрама Штаттар мен Қытайдан 7-еуі тізімге кірді.

7 қыркүйек 2018 жыл

S&P 500: -0.22%

АҚШ-тың амбициясы «зор» Трампы $267 млрд-тан астам Қытай импортына баж салығымен қауіп төндіретінін мәлімдейді.

 

24 қыркүйек 2018 жыл

S&P 500: -0.35%

АҚШ $200 млрд Қытай импортына 10%-ық тарифтерді енгізеді. Әкімшілік бұл ставка 2019 жылдың 1 қаңтарында 25%-ға дейін артады деген мәлімдеме жасады. Ал коммунистік Қытай $60 млрд америкалық тауарларға баж алымын міндеттейтінін айтып,  жауап береді.

 

1 желтоқсан 2018 жыл

S&P 500: +1.09% (3 желтоқсан, дүйсенбі)

Құрама Штаттар мен Қытай жаңа тарифтердің қолданылуын 90 күнге дейін тоқтатуға уағдаласады. Трамп 1 қаңтарға жоспарланған $200 млрд-тық Қытай тауарларының тарифін наурыз айының басына шегеруге шешім қабылдайды. Қытай америкалық өнімнің «аса маңызды» санаты бойынша тауарларын сатып алуға келіседі.

 

24 ақпан 2019 жыл

S&P 500: +0,12% (25 ақпан, дүйсенбі)

Трамп 1 наурыз дедлайнын ұзартып, $200 млрд Қытай тауарларына байланысты тариф көрсеткішін 10% деңгейінде шектеусіз негізде қалдырады.

 

5 мамыр 2019 жыл

S&P 500: -0.45% (6 мамыр, дүйсенбі)

Трамп өзінің твиттерінде 10 мамыр $200 млрд қытайлық тауарларға қатысты тарифтік ставканы 25%-ға дейін көтеруге ниетті екенін жазды.

 

8 мамыр 2019 жыл

S&P 500: -0.16%

Ақ үй әкімшілігі $200 млрд-тық Қытай импортының тарифтерін 10%-дан 25%-ға дейін арттыру 10 мамырдан бастап әрекет ететін ресми түрде хабарлады.

Бұған дейін Reuters агенттігі Қытай америка-қытайлық сауда пактісі жобасының барлық аспектілері бойынша шегінгенін хабарлаған болатын.

 

18 маусым 2019 жыл

S&P 500: +0.97%

Трамп пен Си телефон арқылы сөйлесіп, екі тарап та маусым айының соңында Жапонияда өтетін «Үлкен 20-лық» (G-20) саммитіне жоспарланған екі көшбасшының кездесуі қарсаңында сауда келіссөздерін қайта бастауға келіседі.

 

29 маусым 2019 жыл

S&P 500: +0.77% (1 шілде, дүйсенбі)

АҚШ пен Қытай Осакадағы G-20 кездесуінде сауда келіссөздерін екі тараптан  қайта бастауға келісті. Трамп жаңа тарифтер мен Huawei Technologies Co Ltd қытайлық телекоммуникациялық ұйымына шектеулерді әлсірету жөніндегі ұсыныспен келіспеді. Қытай америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға келісімін берді.

 

1 тамыз 2019 жыл

S&P 500: -0.90%

Сауда келіссөздерінен кейін екі күннен соң, Қытай америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін көбірек сатып алу туралы уағдасын орындамағаны үшін Трамп 250 миллиард доллар сомасына қытайлық тауарлардан алынатын 25%-ға қосымша тағы 300 миллиард доллар көлеміндегі «Chinese» импортқа 10%-дық тариф енгізетінін жариялады.

Трамп Вашингтон мен Бейжің арасындағы келіссөздер жаңа тарифтерге қарамастан жалғаса беретінін әрі ставка кезең-кезеңімен 25%-дан жоғары болуы мүмкін екендігін айтты.

 

5 тамыз 2019 жыл

S&P 500: -2.98%

Қытай Сауда министрлігі АҚШ-тың соңғы тарифтеріне жауап берді. Ал қытайлық валютасы юань долларға шаққанда 7-ден бәсеңдеген, бұл акциялар нарығын күрт төмендетті.

АҚШ Бюджет Қытайдың қоры америка нарықтары жабылғаннан кейін 1994 жылдан бастап алғаш рет алтын бағасын алты жылдық максимумға көтеру арқылы АҚШ долларын «манипулияциялаумен» күрт төмендеткенін, өз валютасына айла-шарғы қолданғанын анықтаған.

 

6 тамыз 2019 жыл

S&P 500: + 1.3%

Қытай Орталық Банкі мен Қытай Халық банктерінің айтуынша,  Бейжің сауда дауында юаньді «мүлдем» қолданбаған және қолданбайды.

Трамптың аға көмекшісі АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда келіссөздері әлі қыркүйек айында Вашингтонда өтетіні жоспарланғанын әрі  келіссөздер жақсы өтсе соңғы тарифтер әлі де өзгеруі мүмкін екенін, нарықтарды қалыпқа келтіруге көмектесетін шешімге мүдделілігін айтты.

 

9 тамыз 2019 жыл

S&P 500: -0.66%

Трамп Бейжіңмен мәміле жасауға дайын еместігін және қыркүйекке Вашингтонда өтеді деп жоспарланған Қытаймен жеке сауда келіссөздері жүргізу бойынша кездесу шешімінен айнып қалғанын мәлімдеді.

АҚШ президенті сондай-ақ, Құрама Штаттар Huawei телекоммуникациялық қытайлық алыппен бизнес жүргізуден бас тартатынын айтып, ҚХР төрағасы Симен кездесуде берген сөзінен тайқыған.

Бірақ Ақ үйдің иесі Дональд Трамп Мемлекеттік сатып алу бойынша кейінірек АҚШ-тың тек Huawei-ға ғана қатысты салнғанын айтқан.

 

Сауда соғысынан валюта текетіресіне қарай...

Жоғарыда көрсетілген фактілер мен даталардан бастамашы ретінде, доминантты шешім қабылдаушы АҚШ екенін көруге болады. Қытай тарапы енгізілген тарифтердің лимитінде ғана тойтарыс жауап беруге тырысып келеді.

Әлемнің ең ықпалды экономикалары арасындағы сауда соғысының валюта тайталасына ұласуы көптеген қаржы сарапшыларының алаңдаушылығын тудыруда. Экономикалық «қырғи-қабақтықтың» салқыны өзге дамушы елдердің кәсіпкерлік секторына да сезілуде. Дегенмен мұның оң тұстары да баршылық, табиғи бәсекелестік орнайды, баланс сақталады. Мамандар арасында алдағы он жыл ішінде екі елдің экономикасы теңесуі ықтимал деген де болжам бар.

Екі жақ та қал-қадірінше соққы сермеуге, есесін жібермеуге тырысып бағуда. Ал, алған бетінен қайтарға діті жібермейтін алпауыт екі державалардың арасындағы сауда дауы «өз басын әрең алып жүрген» қазақстандық сауда (экспорт, импорт, ел ішіндегі өзара сату-сатып алу процесі) жүйесіне қалай әсер етуі мүмкін?..

Айтпақшы, Қытайдың экономикалық бағдар-әлеуетіне ғана қатысты емес, АҚШ пен  Еуропа елдері бастаған Халықаралық адам құқықтары ұйымдары Қытайдың Шыңжаң аймағындағы азшылық этностарға, соның ішінде мұсылманшылық сеніміндегі шағын ұлттар мен қазақ этносына қысым көрсетуін, жаппай түзету лагерлеріне қамау әрекетін айыптап, дереу доғаруға шақырған еді. Дүниежүзілік БАҚ беттерінде қытайлық "қайта тәрбиелеу" процесінің куәгерлері берген сұқбаттар мен деректер кеңінен толассыз жарияланып келеді. Оның ішінде қазақстандық азаматтардың да мәлімдемелері бар.

Көрнекі сурет. Фото: financemain.com

"The Qazaq Times"