Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовті қайтыс болды деп жалған хабар таратқандарды жаппай ұстау басталып, ел полициясы күшейтілген тәртіпке көшті.
«Түркіменстан хроникасы» сайтының хабарлауынша, қазіргі уақытта үш адам ұсталған. Енді «Түркіменбашы тірі емес, қайтыс болды» деген жалған ақпарат тарату – «елдегі жағдайды тұрақсыздандыру» деп бағаланады.
21 шілдеде 62 жастағы түркімен басшысы Құрбанғұлы Бердімұхамедовтың өмірден озғандығы жөніндегі ақпарат жұрт назарын өзіне аудартты. Түркіменстан саясаттанушысы Аслан Рубаев «Говорит Москва» радиосына берген сұхбатында Түркіменстан президентінің көз жұмғандығы жөнінде айтқан. Осыдан кейін әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде Құрбанғұлы Бердімұхамедовтың жұмбақ жағдайда қайтыс болғандығы жөнінде ақпараттар тарай бастаған. Кейіннен Түркіменстан дипломаттары бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтындығын айтып, мәлемдеме жасады.
24 шілдеде 9 күндік демалыста болған Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовты мемлекеттік телеарналар көрсетті. Бұл – қайтыс болды деген сыбыстан кейін яғни 20 шілдеден кейін Бердімұхамедовтің бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш төбе көрсетуі.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді