«Brexit» келісімінен кейін басы дауға қалған Тереза Мэй Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетіп, орнына Лондонның бұрынғы мэрі, шетелдік басылымдарда «русофоб» ретінде танылған Борис Джонсон келді.
Консерваторлар партиясының жаңа басшысына дауыс беру қорытындысы бойынша Джонсон 92 153 дауыс, ал оның қарсыласы – қазіргі Сыртқы істер министрі Джереми Хант 46 656 дауыс жинаған. Осылайша, депутаттар ел тағдырын ЕО-дан мәмілесіз шығуға дайын саясаткер, «русофоб» және сенімді еуроскептикке тапсырды. Сайлау нәтижелері мәлім болғаннан кейін Джонсон өзінің Twitter парақшасында: «Беріліп қызмет ететін, партияны дамытып, елімізді алға жетелейтін уақыт келді. Мені қолдағандарыңыз үшін алғыс. Сіздердің сенімдеріңізді нығайту үшін барымды саламын», – деген жазба қалдырды.
Британия СІМ-нің бұрынғы басшысы болған Борис Джонсон Біріккен Корольдіктің 77-ші премьер-министрі атанды. Ол осыған дейін әлеуметтік желідегі өткір пікірлері мен америкалық басылымдардағы мақалалары арқылы да танылған. Мәселен, Борис Джонсонның «Washington Post» газетіндегі Ресейдің агрессиялық саясатын қатаң сынға алып, «Путин – соғысты бастаушы, Еуропаға басты қауіп» деген мақаласы біраз талқыға түскен. Сонымен қатар, ол Еуропалық одақтың саяси бағытын Гитлер, Наполеон бағытымен үндес десе, Ресейден Сүриядағы «қолдан жасалған соғысты» тоқтатып, Путиннен Асад режимін қолдамауын ашық сұраған.
Шетелдік сарапшылардың айтуынша, Біріккен Корольдіктің жаңа премьер-министрі Борис Джонсон да Тереза Мэйдің саясатын ұстанып, Еуроодақтан келісімсіз шығу процесін тездетеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі